«Махаббатыңды жоғалтпадың» – Кеңес Рақышев Әсел Тасмағамбетоваға сезімін жеткізді

Жарияланды 27 Қазан 2026 14:34

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: Instagram

Кәсіпкер Кеңес Рақышев жары Әсел Тасмағамбетованы туған күнімен құттықтай отырып, сезімін жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Кеңес Рақышевтің пікірінше, Әсел Тасмағамбетованың бойындағы ерекше қасиеттердің бірі –  отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті қатар алып жүре біледі. Төрт баланың анасы бола тұра, өз ісін дамытып келеді.

«Сен менің өмірлік серігім ғана емес, төрт баламыздың аяулы анасы, отбасымыздың берекесі мен тірегісің. Балаларымыздың тәрбиесіне, олардың болашағына, отбасымыздың бірлігі мен бақытына қосып жүрген үлесің үшін саған алғысым шексіз. Біз сенің осы еңбегіңді әрқашан жоғары бағалаймыз және сені шексіз құрметтейміз», – деп жазды кәсіпкер.

Кеңес Рақышев жарының экология саласындағы еңбегің мен қайырымдылық істерін ерекше бағалайды. Өйткені, бұл оның жүрегіңнің кеңдігін көрсетеді.

«Адамның шынайы байлығы оның өзгелерге жасаған жақсылығында деп білемін. Мен үшін сенің ең үлкен жетістігің осының бәріне үлгеріп жүріп, отбасыңа деген мейіріміңді, балаларыңа деген махаббатыңды жоғалтпағаның. Біз сені жақсы көреміз, бағалаймыз және сенімен мақтанамыз! Туған күніңмен, асыл жарым!» – деді Кеңес Рақышев.

Айта кететін жайт, Рақышев Shoqan мектебіндегі 91% үлесін Әсел Тасмағамбетоваға сатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз