Доллар 515 теңге: 2027 жылы теңге қайта құнсыздана ма

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Доллар бағамы 2027 жылы қандай болады / Фото: shutterstock.

Halyk Finance сарапшыларының болжамы бойынша, доллар 2026 жылдың соңына қарай 490 теңгеге, ал 2027 жылдың соңында 515 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Сонымен қатар елде инфляция қарқыны біртіндеп бәсеңдеп, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі төмендетуі ықтимал.

Валюта нарығы мен теңге бағамы

Үшінші тоқсанда теңге бағамы нығайып, соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 1 доллар үшін 440,49 теңгеге дейін жетті. Жыл басынан бері теңге 12,9%-ға күшейді. Бұған теңгедегі құралдардың жоғары кірістілігі мен шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарды белсенді сатып алуы ықпал етті.

Алайда төртінші тоқсанда валютаға деген маусымдық сұраныс артуы ықтимал. Сондай-ақ Ұлттық банк валюта сату көлемін азайтатынын хабарлады. Осы факторлар мен базалық мөлшерлеменің ықтимал төмендеуін ескере отырып, Halyk Finance 2026 жылдың соңына қарай доллар 490 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деп болжайды.

Ал 2027 жылы доллардың 515 теңгеге дейін қымбаттауына мұнай бағасының арзандауы мен ақша-кредит саясатының жұмсаруы әсер етеді.

Мұнай бағасы қандай болмақ

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өсті. Өнеркәсіптегі өсім 2,9%-ды, ал өңдеу секторы 8,6%-ды құрады. Шикізаттық емес сектор 5,4%-ға ұлғайды.

Halyk Finance сарапшылары 2026 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 4,8%-ы құрайды деген пікірде. Ал 2027 жылы бұл көрсеткіш 4,5–4,8% шамасында сақталады.

2027 жылы мұнай өндірісі 95 млн тоннаны құрауы ықтимал. Алайда Brent маркалы мұнай бағасы биылғы 85 доллардан 75 долларға дейін арзандауы мүмкін.

Сарапшылар жыл соңына қарай инфляция қайта қарқын алып, пайызға дейін жетуі мүмкін деп пайымдайды. Ал 2027 жылы тұтынушылық несиелеудің бәсеңдеуі мен қолайлы монетарлық саясаттың арқасында инфляция 8–9% аралығына дейін төмендейді.

Бұған дейін Ұлттық банк сауалнамасына қатысқан сарапшылар доллар жыл соңына қарай 479 теңгеде сатылады деген болжам жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз