Жігіттер тобының әншісі Мырзахан Маханов үйленді

Жарияланды 27 Қазан 2026 17:20

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/baglan_abdraimov_official, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов үйленіп, той өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы аталған топтың мүшесі Бағлан Абдрайымов хабарлады. Ол өзінің әлеуметтік парақшасына той үстінен видео жариялады. Онда әнші Мырзахан Маханов пен қалыңдығының бақытты сәттері көрсетілген.

Бағлан Абдрайымов «Бүгін жігіттерде той», – деп қысқаша жазба қалдырған.

Оқырмандар арасында Мырзахан Махановтың тойына қатысты түрлі пікір айтылуда. Кейбіреулер оның бұрын үйленіп, ажырасқанын алға тартса, кейбіреулері келіншегінің әдемі екенін айтып, жастарға бақыт тілеп жатыр. Оның бойдақ екенін білмей, айырылып қалғанына өкініш білдірген де қыздар табылды.

Айта кететін жайт, «Жігіттер» тобы 2003 жылы құрылған. Топ құрамында Айдар Тұрғамбек, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов бар. Бүгінде өнер ұжымының қоржынында 10-ға жуық бейнебаян және 80-ге жуық ән бар.

Сондай-ақ оқыңыз