Дивиденд бәрін шешпейді: Қазақстанның қай акциялары инфляциядан озды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Жоғары дивиденд әрдайым жоғары табыс әкелмейді. 2026 жылғы 27 қазандағы есебінде қаралған он компанияның алтауы акция бағасының өзгерісі мен дивидендті бірге есептегенде инфляциядан озған. Kursiv Media есебінше ең жоғары нақты нәтижені ҚазТрансОйл мен ҚазМұнайГаз көрсетсе, Air Astana акциясына салынған қаражаттың сатып алу қабілеті шамамен төрттен бірге төмендеген.

Инвестордың табысы екі бөліктен құралады: компания төлейтін дивиденд және акция бағасының өзгерісі. Алайда шоттағы ақшаның көбеюі оның сатып алу қабілеті де сонша артты дегенді білдірмейді. Нәтижені бағалау үшін инфляцияны да ескеру керек.

Осы үш көрсеткішті қатар қарастырғанда, компаниялардың орны өзгереді. Дивиденді төмен акция бағаның өсуі арқылы алға шығуы мүмкін. Ал дивиденд төлейтін компанияның өзі инвесторды шығыннан толық қорғай алмайды.

Акционер қанша тапты?

Дивиденд + акция өсімі − инфляциядан жоғалған құн
1 жыл · Дерек күні: 27.10.2026
Жылдық инфляция — 9,3%
Дивиденд Акция өсімі Акция құлдырауы Инфляциядан жоғалған құн
Барлық көрсеткіш бастапқы салымға шақталған. Жолақ ұзындығы өзгерістің мөлшерін, +/− таңбасы бағытын көрсетеді.
0%17,5%35%52,5%70%
ҚазТрансОйл ҚазТрансОйл+59,9%
Дивиденд
+13,7%
Акция өсімі
+61,1%
Инфляциядан
жоғалған құн
−14,9%
ҚазМұнайГаз ҚазМұнайГаз+51,0%
Дивиденд
+2,6%
Акция өсімі
+62,5%
Инфляциядан
жоғалған құн
−14,0%
Halyk Bank Halyk Bank+12,0%
Дивиденд
+16,4%
Акция өсімі
+6,0%
Инфляциядан
жоғалған құн
−10,4%
Қазақтелеком Қазақтелеком+10,0%
Дивиденд
+0,8%
Акция өсімі
+19,4%
Инфляциядан
жоғалған құн
−10,2%
Bank CenterCredit Bank CenterCredit+8,7%
Дивиденд
0,0%
Акция өсімі
+18,8%
Инфляциядан
жоғалған құн
−10,1%
KEGOC KEGOC+3,0%
Дивиденд
+11,3%
Акция өсімі
+1,3%
Инфляциядан
жоғалған құн
−9,6%
Қазатомөнеркәсіп Қазатомөнеркәсіп−3,7%
Дивиденд
+4,5%
Акция өсімі
+0,8%
Инфляциядан
жоғалған құн
−9,0%
Kaspi.kz Kaspi.kz−5,8%
Дивиденд
+4,3%
Акция өзгерісі
−1,4%
Инфляциядан
жоғалған құн
−8,8%
Kcell Kcell−14,3%
Дивиденд
0,0%
Акция өзгерісі
−6,4%
Инфляциядан
жоғалған құн
−8,0%
Air Astana Air Astana−25,2%
Дивиденд
+1,2%
Акция өзгерісі
−19,4%
Инфляциядан
жоғалған құн
−7,0%
Оң жақтағы ірі сан — инфляциядан кейінгі нақты кірістілік.
Жылдық инфляция барлық компания үшін бірдей — 9,3% (қыркүйек 2026). Сұр жолақ инфляция мөлшерлемесін емес, салым мен табыстың сатып алу қабілетіндегі жоғалтуды бастапқы салымға шақтап көрсетеді.

Мысалы, бастапқы 100 ₸ ҚазТрансОйлда өсім мен дивидендтен кейін 174,8 ₸ болады. Инфляцияға түзетілген құны — 159,9 ₸. Айырмасы — 14,9 ₸, яғни бастапқы салымның 14,9%-ы.

Дивиденд кезең басындағы акция бағасына шақталған. Мәндер дөңгелектелген; салық пен комиссия есепке алынбаған.

Мұнай тасымалы мен өндіру: ең жоғары нәтиже қайдан келді?

Қаралған он компанияның ішінде ҚазТрансОйлдың нақты кірістілігі – 59,9%. Бір жылдағы акция өсімі 61,1%-ды құраған, ал кезең басындағы бағаға шақталған дивиденд тағы 13,7% қосқан. Инфляция әсерін есептегеннен кейін де компания тізім басында қалған.

Бұл есеп бойынша бір жыл бұрын салынған шартты 100 теңгенің сатып алу қабілеті кезең соңында 159,9 теңгеге жеткен.

ҚазМұнайГаздың нақты нәтижесі – 51,0%. Компания акциясы 62,5% қымбаттағанымен, дивидендтің үлесі бастапқы салымның 2,6%-ын ғана құраған. Демек, мұнда негізгі табысты акция бағасының өсуі қамтамасыз еткен.

Екі компанияның нәтижесі маңызды айырмашылықты көрсетеді: қор нарығында жоғары табыс тек дивидендтен құралмайды. Кей жағдайда акцияның қымбаттауы ақшалай төлемнен әлдеқайда үлкен рөл атқарады.

Halyk пен KEGOC: дивидендтің салмағы басым

Halyk Bank-тің нақты кірістілігі 12,0% болған. Бастапқы бағаға шақталған дивиденд 16,4%-ды, акция өсімі 6,0%-ды құраған. Бұл жерде нәтижеге дивиденд көбірек үлес қосқан.

KEGOC-та да ұқсас көрініс байқалады. Акция бағасы бір жылда небәрі 1,3% өскен, есесіне дивиденд бастапқы салымның 11,3%-ына тең болған. Инфляцияны есептегеннен кейінгі нақты нәтиже – 3,0%.

Дивиденд осы екі компанияның акционерлері үшін маңызды тірек болған. Дегенмен олардың мысалы инфляцияның табысты қаншалықты қысқартатынын да көрсетеді: номинал көрсеткіштер тартымды көрінгенімен, сатып алу қабілетінің өсімі едәуір төмен.

Дивидендсіз де инфляциядан озуға болады

Bank CenterCredit соңғы 12 айда дивиденд төлемеген. Соған қарамастан, акция бағасының 18,8% өсуі инфляцияның орнын жауып, 8,7% нақты кіріс берген.

Қазақтелекомда дивидендтің үлесі шағын — бастапқы салымның 0,8%-ы. Бірақ акция 19,4% қымбаттағандықтан, нақты нәтиже 10,0%-ға жеткен.

Бұл мысалдар дивидендтік кірістілікке ғана сүйенген салыстырудың жеткіліксіз екенін аңғартады. Компанияның инвесторға әкелген толық нәтижесін көру үшін төлеммен бірге акция бағасын да қарау қажет.

Төрт компанияда сатып алу қабілеті төмендеген

Қазатомөнеркәсіп акциясы есептегі кезеңде 0,8% өскен, дивиденд тағы 4,5% қосқан. Алайда бұл табыс инфляцияны жабуға жетпей, нақты нәтиже −3,7% болған.

Kaspi.kz жағдайында дивиденд акция бағасының төмендеуін ішінара өтеген. Бастапқы салымға шақталған 4,3% дивидендке қарамастан, инфляциядан кейінгі нәтиже −5,8%-ды құраған.

Kcell акциясы 6,4% арзандаған және соңғы 12 айда дивиденд төлемеген. Нәтижесінде салымның сатып алу қабілеті 14,3%-ға төмендеген.

Ең төмен көрсеткіш Air Astana-да: акция бағасының 19,4% құлдырауын 1,2% дивиденд өтей алмаған. Инфляцияны қосқанда нақты шығын 25,2%-ға жеткен. Шартты 100 теңгенің сатып алу қабілеті 74,8 теңгеге дейін азайған.

Сондай-ақ оқыңыз