Астанада екінші әуежай құрылысы 2027 жылы басталады
Жарияланды

Астанада екінші әуежай құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты.
«Қазір елде бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Таяуда Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тартып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз», – деді президент.
Айта кетейік, 2025 жылы президент Астанада екінші әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Содан кейін Астана әкімдігі нысанның қай жерге салынатыны әлі белгісіз екенін, Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар жолы бағыты қарастырылып жатқанын мәлімдеді.