Президент инфрақұрылымды жаңарту үшін жеке инвестиция тартуды тапсырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Ақорда

Қазақстандағы азаматтық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту үшін мемлекет қаржысына ғана сүйенуге болмайды. Осылай деп мәлімдеген Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ұзақ мерзімді қаржыландырудың барлық көзін жұмылдыруды және жеке инвестиция тарту жолдарын қарастыруды тапсырды.

Тоқаев инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарына бүкіл ел жұмылдырылатынын атап өтті.

«Жалпылай айтқанда, бүкіл ел азаматтық инфрақұрылымды жаппай жаңарту мен қайта құруға кіріседі», – деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Тоқаев мұндай стратегиялық міндетті тек мемлекеттік ресурстар есебінен шешуге болмайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономикада масылдық көзқарастың қалыптасуына әкелуі мүмкін.

«Осындай стратегиялық маңызды міндетті шешуде тек мемлекеттік ресурстарға ғана сүйенуге болмайды. Әйтпесе, кәсіпкерлік белсенділік төмендеп, экономикада патернализмнің немесе, қарапайым тілмен айтқанда, экономикада масылдық көзқарас қалыптасады. Мұның салдары белгілі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке ұзақ мерзімді қаржыландырудың барлық көзін жұмылдыруды тапсырды. Сондай-ақ қаржы қауымдастығымен бірлесіп, заң талаптарын бұзбай, мемлекетке пайда әкелетін тетіктерді пысықтау қажеттігін айтты.

Тоқаев мемлекеттік қаражат жеке инвестиция тартуға негіз болуы керек екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: Астанада екінші әуежай құрылысы 2027 жылы басталады

Сондай-ақ оқыңыз