Қарқынды құрылыс бюджетке салмақ салмай ма

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
General news бөлімінің редакторы
Ерлан Сайыров
фото: gov.kz

Жыл сайынғы жолдауында Тоқаев әлеуметтік жобалар үшін Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынатынын мәлімдеді. Ол қаржы инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік салаға жұмсалмақ. Депутат Ерлан Сайыров мұны дұрыс шешім деп есептейді. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

«Қазіргі таңда дүниежүзілік инфляция деген ұғым бар. Яғни доллардың өзі инфляцияға ұшырап жатыр. Құнды қағаздардың да бағамы кей кездері төмендеп кетеді. Сондықтан қолда бар қаржыны мемлекеттік ішіне, халықтың әлеуметтік индексін көтеруге салуымыз керек. Президенттің айтып отырғаны осы. Қазақстанның жалпы валюта қоры 130 млрд долларға жетті. Осы қордың біразын халықтың әлеуметтік индексін көруге бағыттау керек», – деді ол жолдаудан кейін өткен кулуарда.

«Әділет» партиясы атынан сайланған депутаттың сөзінше, Ұлттық қордың негізі бөлігі болашақ ұрпақ үшін жинала береді. Ал бір бөлігін қазіргі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау дұрыс шешім.

Президент жолдауында 2029 жыл соңына дейін қордан жалпы 6,5 трлн теңге алынатынын мәлімдеді. Ол қаржыға ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз