Атыраулық «хакер» қанша жылға сотталуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Атыраулық «хакер» ретінде белгілі Нұрлан Жаңбырбайға қатысты сот өтіп жатыр. Caspiannews.kz хабарлауынша, қылмыстық істе 12 жәбірленуші бар. 

«32 жастағы сотталушының жалпы қарыз сомасы – 13 млн теңге. Оның 9 млн теңгесі жәбірленушілерге қайтарылған», – деп хабарлады редакция.

Қылмыстық істегі мемлекеттік айыптаушы Абылайхан Абужановтың сөзінше, алаяқтық жасаған азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заңда 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы да қарастырылған.  

Сотталушы Нұрлан Жаңбырбай қазір үйқамақта отыр. Оған «алаяқтық» жасады деген айып тағылған.

Айта кетейік, Атыраулық хакер туралы дерек Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасы хабар-ошарсыз кеткеннен кейін тарады. Ол отбасы мүшелерінің қайда жүргенін болжап, дерек келтірген.

Сондай-ақ оқыңыз