Трамп Путин мен Зеленский жақын арада кездесетінін мәлімдеді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуі «жақын арада» өтетінін мәлімдеді
Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуі «жақын арада» өтетінін мәлімдеді / Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путинмен және Украина лидері Владимир Зеленскиймен кездесу «өте жақын арада» болатынын хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

«Кездесу өте жақын арада ұйымдастырылады, мен бұл жүздесуде елеулі нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын», – деді Трамп журналистерге берген сұхбатында.

AFP агенттігінің жазуынша, мәлімдеме Трамп билігінің Украинадағы соғысты тоқтату үшін дипломатиялық әрекеттерді күшейткен кезінде жасалды.

Бұған дейін Зеленский қараша айында бейбіт келіссөздерді қайта жандандыру мақсатында Киев, Вашингтон және Мәскеу арасында үшжақты кездесу өтетінін айтқан болатын. Украина президентінің сөзінше, Киев үшін осы форматта лидерлер деңгейіндегі жаңа кездесу мүмкіндігін талқылау өте маңызды.

Сонымен бірге Украина президенті серіктестерін үшжақты келіссөздер өткенге дейін Ресейден санкцияларды мерзімінен бұрын алмауға шақырды.

АҚШ, Ресей және Украинаның келіссөздері 10 қарашада Абу-Дабиде өтуі мүмкін .

Сондай-ақ оқыңыз