Павлодарда даладағы әжетхана қирап, ішінде әйел қалып қойған

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Павлодарда даладағы әжетхана қирап, ішіндегі әйел құтқарылды / Фото: Shutterstock

Павлодар облысы Атамекен ауылында сыртқы әжетхана жерге ойылып түсіп, ішінде әйел адам қалып қойған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарына сүйенсек, оқиға туралы хабарлама «112» пультіне түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құрылымның әрі қарай құлауына жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеп, әйелді аман-есен алып шықты», – деп хабарлады ведомство.

Құтқарылған адам медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат айтылмады.

Осыған дейін Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағында өрт шығып, ғимарат ішіне түтін тарап, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері іште қалған 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз