Алматыда қару алып жүрген күдікті ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Almaty.police

Алматының Әуезов ауданында қару алып жүрген ер адам ұсталды, деп жазады Kursiv.Media Алматы полициясына сілтеме жасап.

Оқиға 28 қазанда 10-шағын ауданда кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Патрульдік полицияның «Буран-355» экипажы күдік тудырған ер адамды байқап, тексерген. Сол кезде ол өзімен бірге қару бар екенін айтқан.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат 9 мм калибрлі травматикалық қару болуы мүмкін.

Қазір қарудың шығу тегі мен сипаттамаларын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осы дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бұған дейін жолдағы жанжалдан кейін 20 жастағы жүргізушіден тапанша табылғанын жазған едік. Бұл жайтқа қатысты да тексеру жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз