Ұлттық жүк тасымалдаушы алғашқы ұшағын қарашада алады

Жарияланды
Фото: © Pexels/Jonathan Borba

Қазақстанның ұлттық жүк тасымалдаушысы «Эйр Карго» алғашқы Airbus A340 ұшағын биыл қарашада қабылдауды жоспарлап отыр. Екінші әуе кемесі 2027 жылдың наурызында жеткізіледі, деп хабарлайды Kursiv.media.

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев жаңа ұшақтар жеткізілгеннен кейін әуе кемелерінің жалпы саны 10-ға жететінін айтты.

«Қазақстанда Еуропа мен Азия арасындағы әуе жүк транзитін дамыту үшін әуежай инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Алдағы үш жылда барлық ұшу-қону жолақтары мен жолаушылар терминалдарын жаңарту жоспарланған»,- деді Ластаев.

Оның айтуынша, негізгі авиациялық хабтар айқындалып, оларда еркін экономикалық аймақ режимі енгізілді.

Сондай-ақ жанармай құю кешендері мен жүк терминалдарын жаңғырту, оларға теміржол және автомобиль жолдарын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, аэронавигациялық қамтамасыз ету жүйесін заманауи талаптарға сай жаңғырту басталды.

 Сондай-ақ ол көлік саласын толық цифрландыру үшін «Е-Көлік» интеллектуалды платформасына біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда Alatau Air Cargo атты ұлттық жүк тасымалдаушы компания іске қосылды

Сондай-ақ оқыңыз