Ақтөбе облысында пайдалы қазба өндіретін компаниялар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Ақтөбе облысында пайдалы қазба өндіретін компаниялар 1,2 млрд теңге салық төлемеген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтаған.

Тексеру барысында келісімшарт аясында жұмыс істейтін 127 компания 2022–2025 жылдары салықты толық төлемегені анықталды. Соның салдарынан бюджетке 1,2 млрд теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.

Прокурорлардың араласуынан кейін 600 млн теңге қаражат мемлекетке қайтарылды.

Сонымен бірге 29 компания өз еркімен 250 млн теңгенің қосымша салық декларациясын тапсырды. Қалған салық қарызын толық өндіріп алу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осы заң бұзушылықтарға көз жұмып, өз міндетін дұрыс атқармаған 3 салық маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Павлодарда құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік сатудан түскен табысын декларацияда көрсетпей, бюджетке қомақты шығын келтірген.

Сондай-ақ оқыңыз