Алматыда мешітте ұрлық жасаған ер адам камераға түсіп қалды

Алматы мешіттерінің бірінде телефон ұрлаған ер адам бақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады.
«Бақылау камерасы ұрлықты тіркеп алды. Алматы қаласындағы мешіттердің бірінде ер адам Samsung смартфонын ұрлап кеткен. Әуезов ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады», – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, бейнежазба оқиғаның мән-жайын растады. Ер адам өз кінәсін мойындаған.
Сонымен қатар, ұсталған азамат бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Айта кететін жайт, мұның алдында Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық деректерін әшкерелеген еді.