Қазақстанда киберқылмыс құрбандарына 617 млн теңге қайтарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанда киберқылмыс құрбандарына 617 млн теңге қайтарылды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанда тоғыз айдың ішінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 5,5 млрд теңге бұғатталып, зардап шеккендерге 617 млн теңге өз еркімен қайтарылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай сөзіне сүйенсек, Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 212 мың күдікті операция анықталды. Осылайша, жіберушілердің шоттарында 4 млрд теңге, ал «дроптардың» (ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыратын делдалдар) шоттарында 1,5 млрд теңге бұғатталды.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтыққа қарсы заңнама күшейтілуде. Яғни онлайн-несие беру және SIM-карталарды тіркеу талаптары қатаңдатылды. Еуропа Кеңесінің қылмысқа қарсы конвенциясы ратификацияланып, басқа елдермен жедел ақпарат алмасуға жол ашылды. БҰҰ конвенциясы Құрылтай қарауына жіберілді.

ІІМ азаматтарды сақ болуға, құпия кодтар мен аккаунт деректерін ешкімге бермеуге және күдікті қоңыраулар кезінде дереу банк пен полицияға хабарласуға шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтардың атынан алаяқтар алған 717 млн теңге кредит кешірілгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз