Дастанбек қолаға таласады, Айтмұхан мен Бақбергенова жарысты аяқтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Осимжан Дастанбек продолжит борьбу за бронзу чемпионата мира в Астане через утешительный раунд, Ризабек Айтмухан завершил выступление.
Дастанбек қолаға таласады, Айтмұхан мен Бақбергенова жарысты аяқтады / Фото: Спорт даму қоры

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында екі қазақстандық жарыс жолын аяқтап, біреуі қола үшін таласқа түседі, деп хабарлайды Kursiv Media.

Өсімжан Дастанбек (65 кг) бастапқы белдесуде украиналық Андрей Джелепті жеңгенімен (3:1), кейін армениялық Вазген Теванянға есе жіберді (1:2). Қарсыласы финалға өткендіктен, Дастанбек жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Зенеемедер Бямбасуренмен күреседі.

Ризабек Айтмұхан (97 кг) алғашқы айналымда екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа жол берді (1:4). Садулаев ширек финалда жеңілгендіктен, Ризабек жұбаныш белдесуіне өте алмай, жарысты аяқтады.

Жәмила Бақбергенова (72 кг) қола медаль үшін өткен бәсекеде жапониялық Махиро Йошитакеге жол беріп (4:6), 5-орынға тұрақтады.

Ертең Алтын Шағаева (59 кг) қола жүлде үшін күреседі. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Зейнеп Баянова (50 кг) қола жүлде иеленген еді.

Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 100-ге жуық елден 900-ге тарта спортшы қатысуда. 

Сондай-ақ оқыңыз