Алматыда 250 орындық жаңа онкоорталық құрылысы басталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда 250 орындық жаңа онкоорталық құрылысы басталды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда 250 төсектік онкологиялық орталығы және ауысымына 350 адамды қабылдайтын клиникалық-диагностикалық кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа нысанның капсуласын салу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Орталық мүмкіндіктері

Пациенттерге химиотерапия, сәулелік терапия және роботизацияланған хирургиялық операциялар жасалады. 250 орындық тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, химиотерапияға арналған 80 орындық күндізгі стационар, реанимация, эндоскопиялық және трансфузиологиялық орталықтар қарастырылған.

Молекулалық-генетикалық және патоморфологиялық зертханалар қатерлі ісікті бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәрі-дәрмек дайындау процесі автоматтандырылады.

Қазіргі уақытта Алматыда 38 мыңнан астам онкологиялық пациент диспансерлік есепте тұр. Қала халқының өсуіне байланысты жаңа кешен өңірдегі сапалы медициналық көмекке деген сұранысты жабуға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз