Испаниядағы пойыз апатынан қайтыс болғандар саны 74-ке жетті

Испанияда соқтығысқан пойыздар апатынан 74 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің біразы әлі де ауруханада жатыр, деп жазады Kursiv.Media Euronews-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа пойыз қозғалысын басқару жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Диспетчерлердің аудиожазбаларына қарағанда, қызыл сигналға және алда басқа пойыздың тоқтап тұрғанына қарамастан, қозғалысты жалғастыруға рұқсат берілген болуы мүмкін.
Испанияның көлік министрі диспетчерлердің әрекетін түсіну қиын екенін айтып, әлі де тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Тергеушілер диспетчерлердің қауіпті жағдай туралы толық ақпарат алған-алмағанын және теміржол қауіпсіздігі талаптарының сақталғанын тексереді.
Апаттан аман қалған жолаушылар соққының өте қатты болғанын айтқан. Олардың сөзінше, рельстердің сынықтары пойыздың төбесін тесіп өткен.
Еске салайық, 28 қазанда Испанияның Толедо провинциясында екі жүрдек жолаушылар пойызы соқтығысты. Қайғылы оқиғадан кейін Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды.
Пойыз апатынан кейін кәсіподағы ереуіл жариялады. Ал ел астанасы Мадридте митинг болып, оның қатысушылары көлік министрінің отставкаға кетуін талап етті.