Шымкенттен Түркияға 2,8 келі алтын алып өтпек болғандарға іздеу жарияланды
Жарияланды

Өзбекстан азаматтары Шымкент әуежайы арқылы Түркияға 227,8 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Алтынды шабаданға жасырған
Прокуратура мәліметінше, күдіктілер алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін шабадандардың ішкі астары мен жүк қаптамаларына тыққан.
«Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді», – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланды
Оқиғаға байланысты күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.
Тағы да оқыңыз: Өскеменде заңсыз алтын өндірген екі шенеунік сотталды