Мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«kz.kursiv.media» ресми интернет-ресурсында сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы»

«Alteco Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік), БСН 101 240 014 149, «kz.kursiv.media» интернет-басылымының меншік иесі бола отырып (мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою туралы 04.02.2022 жылы берілген № KZ13VPY00045579 куәлік), Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығымен 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауға қатысатын және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың назарына «kz.kursiv.media» интернет-басылымында сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру қызметтерінің құны, сондай-ақ шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 01 қарашада сағат 18:00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады.

Үгіт материалдары Серіктестіктің «kz.kursiv.media» ресми сайтында және интернет-басылымның Instagram, Telegram, TikTok пен Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында «Сайлау алдындағы үгіт» деген белгімен келесі форматтарда орналастырылуы мүмкін:

1 кесте. Сайт пен әлеуметтік желілер

Қызмет түріҚызмет атауыҚұны(ҚҚС-пен),тг.
Дайын материалды жариялау (7 000 танбаға және 10 фотосуретке дейін)Интернет-басылымның басты бетіне шығару600 000
Саяси партия ұсынған ақпарат негізінде Серіктестік редакциясының материал дайындауы (7 000 таңбаға және 10 фотосуретке дейін)Интернет-басылымның басты бетіне шығару840 000
Сұхбат (15 000 таңба және 5 фотосуретке дейін)Интернет-басылымның басты бетіне шығару900 000
Үгіт материалын Instagram-да жариялауПост/Reels420 000
Үгіт материалын Telegram-да жариялауПост455 000
Үгіт материалын TikTok-та жариялауВидео350 000
Үгіт материалын Threads-те жариялауПост280 000

2 кесте. Баннерлік жарнама 

ФорматСипаттамаБаннер резмеріCPM
Көлденең созылған баннербіртұтас, сайттың басты беті1100*100 px, GIF, HTML5, JPEG2280 тг/CPM
Тік баннербіртұтас, сайттың басты беті300*600 px, GIF, HTML5, JPEG1800 тг/CPM
Тік баннерСайттың мобильдік нұсқасы300*250 px, GIF, HTML5, JPEG1440 тг/CPM

Серіктестік Үгіт материалдарын орналастыруды кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған тиісті саяси партиямен жасалған жазбаша Шарт негізінде ғана жүзеге асыра алады, оған сәйкес Үгіт материалдарын орналастырудың саны, көлемі, болжамды күні мен уақыты айқындалады.

Саяси партиялармен Шарттар көрсетілген Өтініштердің түсу кезектілігі тәртібімен Шарт жасасу үшін саяси партиялардың Серіктестік мекенжайына жіберетін тиісті Өтініштері негізінде жасалады.

Өтініштер тіркеу журналында тіркеледі, оны жүргізуді Серіктестік Үгіт науқанының қолданылу кезеңінде өз мойнына алады.

Саяси партиялар Серіктестіктің мекенжайына жіберетін жазбаша Өтінішке міндетті түрде мыналар қоса берілуі тиіс:


1. партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2. Өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты қоса берілген саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3. жеке басын куәландыратын құжаты қоса берілген саяси партия атынан Шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

4. қағаз және электрондық жеткізгіштердегі үгіт материалының мәтіні

Үгіт материалдары «kz.kursiv.media» интернет-басылымында немесе интернет-басылымның Instagram, Telegram,TikTok пен Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында оларды орналастырудың болжамды күніне дейін кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын ұсынылады.

Серіктестік, егер Үгіт материалдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Үгіт материалдарын «kz.kursiv.media» интернет-басылымында немесе интернет-басылымның Instagram, Telegram,TikTok пен Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастыру кезектілігі саяси партиялармен тиісті Шарттарға қол қойылғаннан кейін, саяси партиялардың тиісті Өтініштерінің түсу уақыты бойынша айқындалады.

Үгіт материалдарын «kz.kursiv.media» сайтында немесе интернет-басылымның Instagram, Telegram, TikTok пен Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастыру таралымы/көлемі партиялық тізімдерді ұсынған барлық саяси партиялар үшін бірдей.

Серіктестіктің Үгіт материалдарын орналастыруы шарттық негізде жүзеге асырылады, осыған байланысты орналастыру шарттары төленген орналастыру көлеміне байланысты өз партиялық тізімдерін ұсынған кез келген саяси партиялар үшін бірдей болады.

Саяси партия ұсынылған мәліметтердің шынайылығына кепілдік береді және үгіт материалының мазмұнына өзі дербес жауапты болады. Үгіт материалдарында оларды төлеу, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы деректер болуы тиіс.

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соның ішінде материалдарда төмендегідей жағдайлар болған кезде Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе оларды таратуды тоқтата тұруға құқылы:

  • конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге шақырулар;
  • мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қол сұғушылық;
  • әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе басқа да араздықты қоздыру;
  • қатігездік пен зомбылықты үгіттеу;
  • басқа кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер.

Үгіт материалдарын орналастыруға жасалған Шарт бойынша төлем Серіктестік ұсынған төлем есепшоты негізінде, Үгіт материалдарын орналастыруға арналған тиісті Шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

Саяси партиялардан Үгіт материалдарын орналастыруға жазбаша Өтініштерді Серіктестік 2026 жылғы 27 қазан мен 28 қараша аралығында (қоса алғанда), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзілісті есептемегенде, мына мекенжайлар бойынша қабылдайды:

ҚР, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 115 ғим, «Kaisar Plaza» СКО, 5-қабат.

ҚР, Астана қ., Сейфуллин к-сі, 31, 2-қабат, 225-кабинет.

Серіктестік тарапынан Өтініштерді қабылдаудың басқа тәсілдері, мысалы, факсимильді байланыс, Интернет желісі арқылы беру және/немесе басқа ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберу қабылданбайды және қаралмайды.