Алып торт-подиум: Қыз Жібек бейнесі бар тәтті тарту етілді

Жарияланды 30 Қазан 2026 12:37

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram.com/aidakaumenova_official

Танымал дизайнер Аида Қауменованың 20 жылдық мерейтойында Қыз жібек бейнесі бар торт тарту етілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл жайт мерекеге жиналған жұлдыз қауымын қатты таңырқатты. Торттарды әзірлеген – Qulpynai.  

«Біздің сән подиумымыздың ең тәтті көрінісі! @qulpynai_bakery әр іс-шарамызға арнап, әрдайым кондитерлік өнердің нағыз жауһарларын жасап келеді. Ал Aida KaumeNOVA-ның 20 жылдық мерейтойына орай команда өз мүмкіндіктерінен де асып түсті: үстімен біздің туындыларымызды киген мастикадан жасалған модельдер «жүріп өтетін» алып торт-подиум!», – деп бағалады Аида Қауменова.

Оның айтуынша, тіккен шапандары, тіпті «Қыз Жібек» фильміндегі Меруерт Өтекешева сомдаған әйгілі бейненің өзі де торттан көрініс тапқан.

«Әрбір ұсақ-түйекке деген ерекше ықылас, сұлулық пен өз ісіне деген шексіз сүйіспеншілік!», – деді дизайнер.

Қонақтар торттың қайталанбас дәміне де тәнті болған.   

Айта кететін жайт Аида Қауменова дау тудырған Қыз Жібек шапанының көшірмелерін шығара бастады. Оның айтуынша, қамзолдардың жағасы түпнұсқамен бірдей. Қаракүзен терісінен жасалған. Түсі де бірдей. Тек қана барқыт матасы винтажды.

Сондай-ақ оқыңыз