Kursiv LifeStyle редакторы жаңа бьюти-сыйлықтың жеңімпазы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: «Золотое Яблоко»

Kursiv LifeStyle редакторы Максим Скопин «Золотое Яблоко» дүкендер желісі ұйымдастырған «Красиво!» медиасыйлығының жеңімпазы атанды. Оған «Крупным планом» номинациясы бойынша марапат табысталды деп жазады Kursiv Media.

Марапаттау рәсімі 29 қазанда Almaty Museum of Arts музейінде өтті. Сыйлық сұлулық, бөлшек сауда және тұтыну мәдениеті туралы жазатын журналистер мен блогерлерге берілді.

«Бізге мұндай баға берілгені өте қуанышты. Іскерлік басылым ретінде танылған Kursiv соңғы жылдары бизнес пен саясаттан бөлек, мәдениетке, сұлулық индустриясына, сәнге, саяхатқа және өмір салтына қатысты басқа да тақырыптарға назар аударып келеді», – деді Максим Скопин.

Барлығы 14 марапат үшін 95 үміткер бақ сынады. Айта кету керек, жеті негізгі номинациядағы жеңімпаздарды оқырмандар мен жазылушылар таңдаған. Марапатқа Қазақстанның түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ие болды. Олардың қатарында «Красиво сказано» номинациясында жеңіске жеткен Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиева да бар.

Сондай-ақ оқыңыз