BYD жаңартылған Tang кроссоверін көрсетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
BYD
Фото: BYD

BYD компаниясы үшінші буындағы Tang кроссоверінің фотосуреттерін ресми түрде жариялады. Автокөлік 2026 жылдың соңына дейін сатылымға шығады.

Әзірге көліктің техникалық сипаттамалары жарияланған жоқ. Компания тек салоны туралы ақпаратпен бөлісті. BYD өкілдерінің айтуынша, екінші қатардағы жолаушылардың аяқ қоятын кеңістігі бір метрге дейін жетеді. Ал артқы орындықтардың арқалығын 130 градусқа дейін шалқайтуға болады. Бұл ұшақтағы бизнес-класс орындықтарының шалқаю бұрышынан 10 градусқа артық.

Фото: BYD

Сонымен қатар көлік салонында диагоналі 34,5 дюймдік мультимедиа экраны мен дәстүрлі аспаптар панелінің орнына орнатылған 30 дюймдік панорамалық экран бар.

Фото: BYD

Жүйе жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Ол экранда виртуалды үй жануары түрінде көрсетіледі. Жүйе дауыстық командаларға жауап беріп, көлікке келген жолаушыларды қарсы алады.

Фото: BYD

Жаңа кроссовердің бағасы әзірге белгісіз. Бейресми ақпаратқа сәйкес, артқы жетекті нұсқасының құны 225 мыңнан 240 мың юаньға дейін болады. Бұл шамамен 15,3–16,3 млн теңгеге тең.

Айта кетейік, BYD компаниясының бірнеше моделі әлемдегі ең көп сатылатын электромобильдер қатарына енген. Олардың қатарында BYD Song, BYD Yuan Up, BYD Seagull және BYD Dolphin бар.

Тағы да оқыңыз: BYD концерні 1194 ат күшіне ие Denza Z9S көлігін ресми таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыз