Семейдегі аспалы көпірде жарысқан жүргізушілер жауапқа тартылды

Семейдегі аспалы көпірде қауіпті маневрлер жасаған екі жүргізуші полицияның назарына түсті. Ереже бұзғандар түсірілген видеоны әлеуметтік желіде өздері жариялаған, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, тәртіп бұзғандар – 34 жастағы Lada Priora және 18 жастағы Mazda Xedos автокөліктерінің жүргізушілері. Полиция мәліметінше, олардың бұл әрекеттері қаладағы ең қарбалас көлік магистральдарының бірінде қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген.
Екі жүргізуші де қозғалысты бастау, қайта қатарға тұру, бұрылу, кері бұрылу және тоқтау кезінде сигнал беру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті аспалы көпірдің маңызды көлік нысаны екенін және мұндай қауіпті әрекеттердің басқа жол қозғалысына қатысушылар өміріне қауіп төндіретінін ескертті. Тәртіп сақшылары бұл аумақта профилактикалық рейдтерді жалғастыратынын айтып, жүргізушілерді әлеуметтік желідегі видео үшін тәуекелге бармай, жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін Қостанайда мас күйде көлік жүргізген ер адам 1 жарым жылға сотталған еді.