Семейде сот ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеген

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
жедел жәрдем
Семейде сот ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеген / Фото: Shutterstock

Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам қаза тапты. Ол өзін-өзі өртеген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Кursiv.Media Ulysmedia басылымына сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 17:00 шамасында Жамбыл көшесі, 9 мекенжайында орналасқан әкімшілік сот ғимаратының алдында болған. Ер адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Оқиға орнының жанынан бензин құйылған ішінде сұйықтығы таусылуға жақындаған 5 литрлік пластик ыдыс табылған.

Полиция департаменті ер адамның қаза тапқанын растады.

«30 қазанда сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам өзін-өзі өртеді деген болжам бар, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция хабарламасында.

Ер адамның бұл қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ оқыңыз