Атырауда дрондар 450 жол ережесін бұзу дерегін анықтады
Жарияланды

Атырау облысында жол қозғалысын бақылау үшін дрондар қолданылып жатыр. Жыл басынан бері олардың көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 450 дерегі анықталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.
Полиция дрон арқылы жүргізілетін мониторинг кезінде Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі тұтас жолақ сызығын кесіп өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққанын анықтаған. Құқық бұзушылық дрон камерасына тіркеліп, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Полицияның мәліметінше, дрондар жолдағы жағдайды әуеден бақылауға және жол ережесін бұзу фактілерін тіркеуге пайдаланылады.
Жыл басынан бері Атырау облысында осы тәсілмен барлығы 450 жол ережесін бұзу дерегі анықталған.