Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысына бақылауды күшейтуді тапсырды

Жарияланды
Токаев дал срочные поручения по запуску Халық Кеңесі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылау қажет екенін айтты.

Президенттің сөзінше, 28 қазандағы Жолдауында айтылған бағдарламаны іске асыру кезінде қаржының мақсатты әрі ашық жұмсалуын қадағалайтын арнайы мемлекеттік комиссия құру керек.

«Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді», – деп жазды Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Мемлекет басшысы мұндай бақылау тетігі ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға бөлінетін бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы 28 қазандағы Жолдауда ұсынылған бастамалардың бірі. Бағдарлама аясында елдегі құрылыс пен инфрақұрылымдық жобаларды кеңейту көзделеді.

Президенттің айтуынша, бағдарламаның іске асырылуы қоғам үшін барынша ашық болуы керек. Осы мақсатта комиссия жұмысына мемлекеттік органдармен бірге депутаттар, қоғам өкілдері, волонтерлер мен журналистер де тартылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз