
Мөлдір Мұқанова мойына таққан әдемі алқасының бағасын айтты. Оны продюсер 11 млн теңгеге сатып алған, деп хабарлайды Kursiv.media.
Гауһар тастармен көмкерілген алқасы шынында да көздің жауын алады.
«Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің кольем. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын», – деді алқасы туралы Мөлдір Мұқанова.

Десе де, банк алдында қарызы аз емес екенін де айтып қалды. Сөзіне қарағанда, басында 8 млн кредиті бар.
«Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар», – деп күлді продюсер.
Кейбір оқырмандар Мөлдір Мұқановаға «жарқырай бер» деп тілектестік білдірсе, енді біреулері «Тұрсынбектің неге алды артына қарамай қашқаны түсінікті болды» деп әзілдеп жатыр.
Айта кететін жайт, продюсер тұрмыстық зорлық құрбандарына арнап «Солған гүл» атты ән шығарған еді.