Түркістан облысында 96 ерекше балаға 9 млн теңге әлеуметтік көмек төленбей келген

Жарияланды
Ерекше балалардың әлеуметтік төлемдері дұрыс төленбеген / shutterstock

Отырар ауданының прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиесілі әлеуметтік көмектің толық төленбегенін анықтады, деп жазады Kursiv.Media. 

Тексеру анықтағандай, 2023–2025 жылдары 7 мен 18 жас аралығындағы І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар 96 балаға ай сайын белгіленген 4 АЕК орнына 3 АЕК мөлшерінде төленген.

Аудандық мәслихат шешіміне сәйкес, аталған санаттағы балаларға ай сайын 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілуі тиіс болған.

Алайда тиісті төлемнің толық жүргізілмеуі салдарынан балалардың заңмен кепілдендірілген әлеуметтік құқықтары бұзылған.

Прокуратура 96 баланың құқығы қалпына келтіріп, төленбей қалған 9 миллион теңгеге жуық қаражат толық көлемде өтелді.

Тағы да оқыңыз: Ерекше балаларға арналған мектеп дауынан кейін Тоқаев салаға назар аударды тапсырды

Сондай-ақ оқыңыз