Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы мүмкін

Жарияланды
Ресей ТМҰ-ға қосыла ма/ Ақорда

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жұмысына қатысуын орынды әрі табиғи қадам деп санайды, деп жазады Kursiv.Media. 

Оның айтуынша, Ресей құрамында тарихи тұрғыдан түркі халықтары мекендейтін бірқатар өңір бар. Алайда Песков жекелеген аймақтар емес, Ресей федерациясы тұтас мемлекет ретінде ұйым жұмысына қатысуын меңзеп отырғанын нақтылады.

ТАСС мәліметінше, әзірге Ресей тарапы ресми шақырту алмаған. Дегенмен бұл мәселе Қазақстанмен алдағы байланыс барысында талқылануы мүмкін.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге Түркі мемлекеттері ұйымына қатысу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз