Таразда әкесінің әпкесін ұрып, қылқындырған қыз сотталды

Жамбыл аудандық сотында туысына күш көрсеткені үшін айыпталған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы Жамбыл облысының Жамбыл аудандық соты хабарлады.
2026 жылдың қыркүйегінде аудан ауылдарының бірінде тәтті өнімдерді сату мәселесіне байланысты туыстар арасында жанжал туындаған.
«Жәбірленуші інісінің қызына тәтті тоқаш пісіруді үйреткен. Бірақ пісірген өнімін аудан орталығындағы дүкендерге өткізбеуге келіскен. Алайда келісім бұзылып, арада жанжал шыққан. Қыз жасы үлкен туысын қылғындырып, басын қабырғаға соққан және киімінен жұлқылаған», – делінген істе.
Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші оны кешірмеген.
Сот әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы барын, өкінетінін ескеріп, оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кететін жайт, Жамбылда заңсыз миграцияны ұйымдастырған шетелдік әйел сотталған еді.