Тоқаев «Qarmet» қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев «Qarmet» қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы «Qarmet» компаниясына барған жұмыс сапары барысында еліміздің өндірістік және индустриялық дамуына зор үлес қосқан кәсіпорын мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жалпы 15 маман марапатқа ие болды: 2 адам «Құрмет» орденін, 6 адам III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін, ал 7 қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

«Құрмет» орденімен:

  • Зейнолла Ыдырысов – «Qarmet» цехының шөмішшісі;
  • Александр Измер – «Karaganda Komir» компаниясына қарасты «Тентек» шахтасының бригадирі.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы»:

  • Жамбыл Әбіров – «Батыс Қаражал» шахтасының үңгілеушісі;
  • Гуля Баулекова – «Қазақстан» шахтасының электр слесары;
  • Марат Жанаев – Костенко атындағы шахтаның электр слесары;
  • Игорь Иванов – «Qarmet» инженері;
  • Бекболат Қынаев – «Qarmet» ауысым бастығы;
  • Валерий Хан – Ленин атындағы шахтаның директоры.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

  • Сансызбай Әлшімбеков – «Өркен-Атансор» өкілдігінің ұсақтау-байыту фабрикасының шебері;
  • Арман Ахметов – «Qarmet» жетекші инженері;
  • Дмитрий Захаров – «Qarmet» жетекші инженері;
  • Рафхат Байжанов – «Шахтинск» шахтасының кеншісі;
  • Константин Иванов – «Qarmet» цех бастығының орынбасары;
  • Сергей Колесов – «Qarmet» қызмет бастығы;
  • Татьяна Фомина – «Өркен» компаниясы Лисаков филиалының кран машинисі.

Салтанатты шарадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен еркін форматыда пікірлесті. Сондай-ақ, сапар аясында ол жаңа құю-илемдеу кешені құрылысының басталуына орай естелік тақтаға қол қойды.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауға жұмыс сапары барысында «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз