Атырау-Cамара құбыры арқылы мұнай жөнелту тоқтатылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Caspian Life / Рахим Қойлыбаев

Ресейдегі мұнай инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылынан кейін Қазақстаннан мұнай тасымалдайтын Атырау – Самара магистральдық құбырының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы 2 қарашаға қараған түні Ресейдегі Самара өндірістік-диспетчерлік торабының нысандарына дрондар шабуыл жасаған.

«Осыған байланысты 2 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 06:09-да Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау уақытша тоқтатылды», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Қазір мамандар мұнай құбыры инфрақұрылымының техникалық жағдайын тексеріп жатыр. Ведомство мұнай қабылдау жақын уақытта қайта басталады деп уәде береді.

Айта кетейік, Атырау – Самара құбыры Қазақстандағы мұнай кен орындарын Ресейдің мұнай тасымалдау жүйесімен байланыстырады. Бұл бағыт арқылы қазақстандық мұнай одан әрі экспортталады. Құбырдың жалпы ұзындығы шамамен 1 380 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз