Польша Ресеймен шекарадағы аймақта арнайы операция бастады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Польша шекарасы / Поляк қызметкерлері кезекшілік атқарып тұр
Поляк шекара қызметінің қызметкерлері кезекшілік атқарып тұр / 2025 жыл, шілде / фото: shutterstock

Польша Ресеймен шекарадағы аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, арнайы операция бастап жатыр. Оған полиция қызметкерлері, әскерилер, шекарашылар мен поляк арнайы қызметі де тартылған деп жазады Kursiv Media DW-ге сілтемемен.

Польша полициясының бас коменданты Марек Бороньның сөзінше, әскери барлау қызметінен елге қарсы диверсия жасалуы мүмкін деген ескерту түскен. Нақты айтқанда әскери топтар шекараға заңсыз кіруі мүмкін деген қауіп бар.

«Шекараға бірнеше воеводстводан полицияның қосымша күштері жіберілді. Біз сол аумақта тұратын азаматтардың қауіпсіздігін, инфрақұрылымның қорғалуын және қоғамға қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайдың алдын алуды қамтамасыз етуге жауаптымыз», – деді Бронь.

Операция елдің солтүстік-шығысындағы Варминско-Мазурс және Подляск воеводстволарында жүргізіледі. Әскерилер, шекара қызметі, полиция мен антитеррористік бөлімшелердің әрекетін үйлестіру үшін арнайы штаб құрылған.

Марек Бороньның сөзінше, бұл шаралар тек сақтандыру сипатында өтеді.

Ресей мен Польшаның ортақ мемлекеттік шекарасы Калининград облысы арқылы өтеді. Оның ұзындығы шамамен – 232 шақырым. Калининград Ресей үшін стратегиялық маңызға ие. Мұнда Балтық флотының негізгі әскери-теңіз базаларының бірі орналасқан. Сондықтан бұл аумақ Ресей мен НАТО арасындағы әскери-саяси қатынастарда маңызды рөл атқарады.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың әсері Польшаға да ықпал етіп жатыр. Былтыр бірнеше рет ресейлік дрондар Польша аумағына кіріп, шекаралас өңірлерге құлады. Биыл күзде елдің премьер-министрі Дональд Туск жақын арада ресейлік шабуыл одан әрі үдей түсуі мүмкін деп мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз: Трамп АҚШ Польшада әскери база салуы мүмкін екенін меңзеді

Сондай-ақ оқыңыз