АҚШ, Ресей және Украина 10-11 қарашада Абу-Дабиде үшжақты келіссөз өткізеді

Жарияланды
переговоры по Украине
Украина, АҚШ және Ресей 10 қарашада Абу-Дабиде кездеседі / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

АҚШ, Ресей және Украина өкілдері 10-11 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында үшжақты келіссөздер өткізеді. Кездесуде соғыстан кейінгі қауіпсіздік мәселелері, шиеленісті бәсеңдету, гуманитарлық көмек және бейбітшілікке қол жеткізудің келесі қадамдары талқыланады. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Уиткоффтың айтуынша, келіссөздер Вашингтонның делдалдығымен жұмыс деңгейінде өтеді. Ол әлеуметтік желідегі X парақшасында Киев, Осло және Санкт-Петербург қалаларында қол жеткізілген ілгерілеуді жалғастырып, жан-жақты әрі тұрақты бейбіт келісімге келуге үміт білдірді.

«Біз жан-жақты әрі тұрақты бейбіт келісімге қол жеткізу жолында Киев, Осло және Санкт-Петербург қалаларында қол жеткізілген ілгерілеуді одан әрі дамытуды көздеп отырмыз», – деп жазды Уиткофф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  

Абу-Дабидегі кездесуге дейін АҚШ өкілдері Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездеседі. Тараптар Украина мен Еуропаның қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ Украинаны қалпына келтіруге арналған экономикалық қолдау шараларын талқылайды.

Осылайша, 10–11 қарашаға жоспарланған келіссөздер Украинадағы қақтығысты реттеу және тараптар арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізу жолындағы кезекті дипломатиялық қадам болмақ. 

Сондай-ақ оқыңыз