Қазан айында мұнай өндірісі 8 пайызға артқан

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қазақстанда қазан айында мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8%-ға артып, 8,56 миллион тоннаға жетті. Бұған Қарашығанақ кенішіндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуы себеп болған, деп жазады Kursiv.Media.

Reuters агенттігігің дерегі бойынша, қазан айында Қарашығанақтағы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда бес есе өсіп, 810,7 мың тоннаны құраған.

Сондай-ақ агенттік қазан айында Қазақстанның мұнайды ОПЕК+ квотасынан артық өндіруді жалғастырғанын атап өткен.

Белгіленген шектеу бойынша ел өткен айда тәулігіне 1 миллион 628 мың баррельден асырмауға тиіс еді. Алайда нақты көрсеткіш тәулігіне шамамен 1,88 миллион баррельді құрады.

Goldman Sachs агенттігі мұнай жеткізілімінің қысқару қаупіне байланысты қара алтын бағасы болжамын жоғарылатты. Банк 2026 жылғы желтоқсандағы Brent бағасы жөніндегі болжамын барреліне 90 доллардан 105 долларға, ал WTI болжамын 81 доллардан 94 долларға көтерді.

Сондай-ақ оқыңыз