Зайсан мен Қатон-Қарағай әуежайлары 2027 жылдың мамырында ашылады 

Жарияланды
Аэропорт
Зайсан мен Қатон-Қарағайдағы әуежай мамырда ашылады / yandex.kz бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Зайсан мен Қатон-Қарағай аудандарында жаңа әуежайлар 2027 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Оның айтуынша, жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр.

Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың мамыр айында Зайсан, Қатон-Қарағай және Маңғыстау облысындағы Кендірлі елді мекенінде жаңа әуежайларды пайдалануға беру көзделген.

Сонымен қатар 2027 жылдың маусым айында ірі халықаралық компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастау жоспарланып отыр.

«2027 жылдың соңына дейін «Бақты – Аягөз» теміржол желісін пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту жұмыстары жалғасады», – деді Жұманғарин. 

Аталған жобалар Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, елді Еуразиядағы маңызды транзиттік хабқа айналдыруға бағытталған.

Тағы да оқыңыз: Астанада екінші әуежай құрылысы 2027 жылы басталады

Сондай-ақ оқыңыз