Қазақстанда алтын бағасы 14 айдағы ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстанда 2026 жылғы 2 қарашада 1 грамм алтынның құны 58 093,24 теңгеге түсті. Бұл – 2025 жылғы 27 тамыздан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Ұлттық банк дерегінше, баға алдыңғы жарияланған күн – 30 қазанмен салыстырғанда 646,16 теңгеге немесе 1,10%-ға төмендеген. Ал 1 қазаннан бергі арзандау 2,15%-ды құрады.
Бұдан төмен баға соңғы рет 2025 жылғы 27 тамызда тіркелген: ол күні алтынның грамы 57 893,53 теңге болған.
Алтын бағасы 14 айдағы ең төменгі деңгейге түсті
1 грамм алтынның құны
Алтын бағасының өзгерісі
01.10–02.11.2026 · теңге / грамм
Бұдан төмен баға соңғы рет тіркелген күн
27 тамыз 2025 · 57 893,53 ₸/г
Дереккөз:
Қазақстан Ұлттық Банкі.
Нүктелер — жарияланған күндердің бағасы.
Банктердегі құймалардың сату бағасы өзгеше болуы мүмкін.
Әлемдік нарықта алтын 30 қазанда 3,6%-ға арзандап, 2025 жылғы қазаннан бергі ең төменгі деңгейге түсті.