Каспийде есірткі тиелген катермен қашпақ болғандар ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
ҰҚК / Каспий теңізі /. есірткі
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізі аумағынан халықарылық есірткі тасымалдаумен айналысатын топтың жолын кесті деп жазады Kursiv Media.

Биыл бірінші қарашада Шекара қызметі ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп катермен қашып кетуге тырысқан үш шетел азаматын ұстады. Топта тағы екі Қазақстан азаматы да болған, бірақ олар жағалаудан ұсталды.

Күдіктілерден 22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ оқыңыз