Алматы полициясы печеньенің ішінен есірткі тапты
Жарияланды

Алматыда полицейлер есірткіні печенье ішіне жасырған жас жігітті ұстады. Енді жедел уәкілдер оның есірткі саудасына қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні жеке тінту және тұрғын үйін тексеру барысында өзіндік иісі бар, өсімдік тектес шамамен 150 грамм зат табылды.
«Есірткі печеньенің ішіне жасырылған. Бұдан бөлек, электронды таразы, ZIP-пакеттер, изолента мен пластилин тәркіленді. Бұл заттардың барлығы іс материалдарына айғақ ретінде тіркелді», – деп хабарлады полиция.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада есірткі қосылған печенье сатқан интернет-дүкеннің қызметкерлері ұсталған еді.