«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі қаржыландырудан кейін басталады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі қаржыландырудан кейін басталады / Фото: Серікжан Қобыланбаев, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім беріп үлгермеген қазақстандық әйелдер бағдарламаның келесі кезеңдеріне қатыса алады. «Отбасы банк» өкілдерінің хабарлауынша, өтінім қабылдау Азия даму банкінен кезекті қаржы түскеннен кейін қайта ашылады. Нақты мерзімі қосымша жарияланады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Екінші транш аясында бөлінген 20 миллиард теңгеге өтінім қабылдау 3 қараша күні басталғанымен, небәрі бірнеше сағаттың ішінде (850 өтінім түсіп) бөлінген лимит толығымен таусылды. Бұл кезеңде банк бөлімшелерінде ұзын-сонар кезең пайда болып, жүйеде іркілістер тіркелді.

Бағдарламаның жалпы бюджеті 90 миллиард теңгені құрайды және бұл қаражат банкке транштармен бөлініп отырады.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 14,8% (ЖТСМ 16,3%-дан 16,8%-ға дейін);
  • Максималды заем сомасы: 50 миллион теңгеге дейін;
  • Бастапқы жарна: Астана мен Алматыда — 20%-дан, басқа өңірлерде — 15%-дан басталады;
  • Талаптар: отбасының айлық таза табысы 1,25 миллион теңгеден аспауы тиіс (соңғы 6 айдағы ресми табыс расталуы керек). Басқа баспананың болуы шектеу болып табылмайды.

Бұған дейін Азия даму банкі «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасы аясында Отбасы банкке 20 млрд теңге көлемінде жаңа транш бөлуді мақұлдады. 

Сондай-ақ оқыңыз