«Қазақ аруы – 2026» жеңімпазы – Асылым Өтепберген

Жарияланды 3 Қараша 2026 22:02

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
«Қазақ аруы – 2026» жеңімпазы – Асылым Өтепберген / Фото: BM Production

Алматылық Асылым Өтепберген «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы атанды. Тікелей эфир кезінде оған 17 164 адам дауыс берген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Екінші орындағы қостанайлық Әйгерім Қайпенге 10 480 дауыс берсе, үшінші болған шымкенттік Сымбат Әбубәкір 4 499 дауыс жинаған.

Байқаудың биылғы жеңімпазы 20 жастағы Асылым Өтепберген Алматы қаласының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Әлеуметтік желіде белсенді, жеке блог жүргізеді, Instagram желісінде 30 мыңнан астам жазылушысы бар.

Жеңімпазға Аида Қауменованың сән үйінде тігілген арнайы шапан мен шетелге саяхат табысталды.

Еске сала кетейік, былтыр Талдықорған қаласының тумасы Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысымен «Қазақ аруы – 2025» байқауында жеңімпаз атанған еді. 

Тағы оқыңыз: 4 тіл білетін Албанның қызы: «Қазақ аруы – 2026» атанған Асылым туралы не белгілі

Сондай-ақ оқыңыз