Непалда туристер мінген екі тікұшақ соқтығысты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Непалда туристер мінген екі тікұшақ соқтығысты / Фото: Shutterstock

3 қараша күні таңертең Эверест ауданында екі тікұшақ соқтығысып, Үндістан азаматы қаза тапты. Тағы үш адам, соның ішінде екі ұшқыш түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Непал полициясының мәліметінше, «Fishtail Air» компаниясына тиесілі тікұшақта Үндістан мен Жаңа Зеландиядан келген екі турист болған. Ал «Air Dynasty» компаниясының екінші тікұшағы жүк тасымалдаған. Екі борт та бір мезгілде қонуға бет алған сәтте соқтығысқан.

Апат салдарынан үндістандық турист оқиға орнында көз жұмды. Жаңа Зеландия азаматы мен екі тікұшақтың пилоты жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Апаттың себептері анықталып жатыр. Непал азаматтық авиация басқармасының басшысы Мукеш Данголдың айтуынша, Лукла әуежайының диспетчерлері бұл қону алаңындағы ұшуларды бақыламайды. Соған байланысты ұшқыштар қону кезегін өзара келісуі тиіс болған.

«Алдын ала мәліметтер ұшқыштар арасындағы байланыстың нашарлығынан осындай жағдай орын алғанын көрсетеді», – деді Мукеш Дангол.

Айта кетейік, осыған дейін Индонезияның Бали аралы жағалауында бортында төрт ресейлік турист пен гид болған қайықта жарылыс болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз