
«Қазақ аруы – 2026» байқауын Асылым Өтепберген жеңіп алды. Ол 17 164 дауыс жинап, екінші орын алған қостанайлық арудан оқ бойы озып шықты.
Асылым Өтепберген 2006 жылы Алматы қаласында туған Албанның қызы. Бойы – 179 см. Үйінің ортаншысы, әпкесі мен інісі бар. Әкесі қайтыс болып, үш баланы анасы тәрбиелеп өсірген.
Бала кезінен тез тіл табысқыш, мінезі ашық болған. Әр нәрсеге қызыға қарайтын, елгезектігінемн көзге түскен. Шахмат ойнағанды ұнатқан.
5 жасында анасы қолына ине ұстатып, тізіншілікке баулыған. Мұнысы сүйікті істерінің біріне айналып, арнайы курстарға қатысу арқылы шеберлігін шыңдаған.
Бала кезінен өнерге жақын болып, Айгөлек бағдарламасына түскен. Сахнада қатарынан 6 жыл бойы өнер көрсеткен.

Тамақты жақсы пісіреді, қолынан нан иелеу, жаю, сүт тарту келеді.
Жақындары Асылымды білімді, жан-жақты қыз ретінде суреттейді. Төрт тіл меңгерген.
Байқауға дайындық кезеңінде түсірілген күнделіктерде өзін байсалды әрі сенімді ұстаған.
«Қазақ аруына» қатысамын деген ой келгеннен бастап әрдайым сахнада марапат алғанын елестетіп, жеңімпаз атанатынына сенімді болған.
Бұған дейін, «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы Дәрия Қуатжан атанған.