MEGA, Dostyk Plaza, Esentai Mall: ірі сауда орталығының қожайындары қанша табыс тапты

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Forbes Kazakhstan журналы Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік иелерінің жаңартылған рейтингін ұсынды. Тізімді «MEGA» сауда орталықтарының желісіне иелік ететін бизнесмен Нұрлан Смағұлов бастап тұр, деп жазады Kursiv.Media.

Оның объектілерінен түсетін болжамды жылдық түсім 70 млрд теңгені құрады.

Екінші орынға «Mercury Properties» компаниясы арқылы еліміздің бірнеше қаласында ауқымды сауда және бизнес-орталықтар желісін басқаратын Тимур Құлыбаев (42,96 млрд теңге) жайғасты.

Алғашқы үштікті Алматыдағы «Dostyk Plaza», Шымкенттегі «Shymkent Plaza» және Астанадағы «Евразия» сауда орталықтарына иелік ететін Серік Төлбасы (30,25 млрд теңге) түйіндеді.

Ондыққа кірген бизнесмендер мен олардың активтері

  1. Болат Өтемұратов (16,2 млрд теңге) — Астанадағы «Talan Towers» және Алматыдағы «Park View Office Tower», «Prime Business Park», «Pine Office Park» бизнес-орталықтарының иесі.
  2. Мұқашевтар отбасы (11,73 млрд теңге) — «Eurasia RED» компаниясы арқылы Алматыдағы «Aport Mall West» және «Aport Mall East» сауда-ойын-сауық орталықтарын басқарады.
  3. Беловичтер отбасы (10,9 млрд теңге) — «Bazis-A» корпорациясының иелері. Портфелінде Астанадағы «Millenium», «На Водно-зеленом бульваре» және Алматыдағы «Нұрлы Таудың» бір бөлігі бар.
  4. Сержан Жұмаш (10,78 млрд теңге) — «Capital Partners» девелоперлік компаниясы арқылы Алматыдағы «Esentai Mall» мен «Esentai Tower» кешендеріндегі үлестерге ие.
  5. Қайрат Боранбаев (10,78 млрд теңге) — Сержан Жұмашпен бірге «Esentai Mall» және «Esentai Tower» активтерін бөліседі.
  6. Айдан Сүлейменова (7,98 млрд теңге) — «ADD Invest Properties» фирмасы арқылы Астанадағы «Keruen», «KeruenCity», «Talan Gallery» сауда орталықтарында үлестері бар.
  7. Ғабит Бейсенбаев (6,33 млрд теңге) — Алматыдағы «Grand Park», «Золотой» зергерлік орталығына және «Армада» жиһаз кешенінің 50%-ына иелік етеді.

Екінші ондықтағы рантьелер

  1. Сәрсеновтер отбасы (5,71 млрд теңге) — Алматыдағы «Алма-Ата» ТРК мен Астанадағы «Астаналық» БО.
  2. Алексей Нефёдов (5,47 млрд теңге) — «Arcada» компаниялар тобы («Asia Park», «Mart»).
  3. Сәуле Ахметова (5,25 млрд теңге) — Алматыдағы «Turar» және «Venus» бизнес-орталықтары.
  4. Сандуғаш Кемелбаева (4,38 млрд теңге) — Алматыдағы «Almaty Residence» БО мен «Samal Mall» орталығы.
  5. Александр Чукреев (2,76 млрд теңге) — Алматыдағы «ADK» сауда-ойын-сауық орталығы.
  6. Яков Цхай (2,26 млрд теңге) — Алматыдағы «Forum Almaty» және «Жасыл базар» активтеріндегі үлестер.
  7. Арманжан Байтасов (1,8 млрд теңге) — Алматыдағы «Teniz Towers», «Алтын-Заман», «Қадам» бизнес-орталықтары.
  8. Абылай Жұмаділлаев (1,55 млрд теңге) — Алматыдағы «Globus» МФК мен «Стандарт» БО үлестері.
  9. Айдын Рақымбаев (1,38 млрд теңге) — «BI Property» компаниясы арқылы Астанадағы «Green Tower» БО мен «Аватария» орталығы.
  10. Сағиятулла Сарсенов (1,33 млрд теңге) — Алматыдағы «ЦУМ» (Занғар) сауда орталығы.

Ірі нысандардан қанша пайда түседі

Рейтингке енген 20 ірі рантьенің еншісінде жалпы саны 72 коммерциялық объект бар. Оның 39-ы (54,2%-ы) бизнес-орталық болса, 33-і (45,8%-ы) – сауда және сауда-ойын-сауық орталықтары. Нысандардың басым бөлігі (63,9 пайызы) Алматы қаласында орналасқан. Астанада 24 нысан (33,3%), ал Шымкентте 2 объект (2,8%) бар. Бәрінің жалпы коммерциялық ауданы 1,5 миллион шаршы метрді құрайды.

Ұсынылған нысандардың болжамды жалпы жылдық түсімі 249,8 миллиард теңгеге жетті. Оның 184,6 миллиард теңгесі (73,9%-ы) сауда орталықтарынан, ал 65,2 миллиард теңгесі (26,1%-ы) бизнес-орталықтардан түскен.

Кірістің негізгі бөлігі Алматы (169,1 млрд теңге) мен Астанаға (73,8 млрд теңге) тиесілі. Орташа есеппен бір сауда орталығы жылына 6,3 миллиард теңге, ал бір бизнес-орталық 1,8 миллиард теңге табыс әкелген.

Бұған дейін Forbes Kazakhstan елдегі ең ықпалды бизнесмендердің тізімін жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз