Букмекерлік кеңсені қайта жарнамалағаны үшін үлкен айыппұл салынды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
иллюстрация kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жамбыл облысында букмекерлік кеңсені қайта жарнамалаған серіктестікке үлкен айыппұл салынды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, апелляциялық тәртіппен ҚР жарнама туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес келмейтін букмекерлік кеңсенің жарнамасын қайта тарату фактісі бойынша «U.» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. 

«Байзақ аудандық соты 2026 жылдың маусым айында Instagram қолданушысының парақшасында букмекерлік кеңсенің тауар белгісі бар жарнамалық бейнеролик орналастырылғанын анықтады. Онда пайдаланушыларға депозитті толықтыру үшін бонус алу ұсынылды», – делінген ақпаратта.

Сот мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде «U.» ЖШС осындай бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған.

ЖШС өкілі кінәсін мойындамады, бейнеролик авторы компанияның қызметкері емес екенін, ал оны дайындауға ЖШС тапсырыс бермегенін атап өтті.

Сот «U.» ЖШС Қазақстан аумағында жарияланған тауар белгісінің жалғыз құқық иесі болып табылатынын анықтады. Сонымен қатар, куә Instagram арқылы жарнамалық ролик жасауға тапсырыс алғанын және оны 25 мың теңгеге орналастырғанын растады.

Бірінші сатыдағы сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Байзақ аудандық сотының қаулысымен ЖШС кінәлі деп танылып, оған 1,5 млн теңгеден астам айыппұл тағайындалды.

Сот актісіне серіктестік шағымданады, алайда апелляциялық алқа қаулыны өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Айта кететін жайт, Ақмола облысының Есіл ауданында букмекерлік кеңселерде интернет арқылы спорттық бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз