«Барлығынан бас тартқым келді»: Қайрат Түнтеков жанкүйерлеріне ағынан жарылды (видео)

Жарияланды 4 Қараша 2026 16:38

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Түнтеков өнерге оралады/ видеодан скрин

Қарат Түнтеков сахнаға қайта оралатынын айтып, оқырманынан қолдау сұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Бір кездері барлығынан бас тартқым келді. Әннен де, сахнадан да, бұрынғы өмірімнен де. Сырт көзге бәрі жақсы болып көрінуі мүмкін. Бірақ адам басынан не өтіп жатқанын өзі ғана біледі. Бір түсінгенім, адамның ең басты күресі кейде басқамен емес, өзімен болады. Қайта шықсам, қабылдайсыздар ма?»,- деп жазды Қайрат Түнтеков.

Әнші өнерден кете алмағанын айтып, сахнаға қайта оралатынын жеткізді.

«Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна – менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді», – деп жазды әнші.

Әншіге қолдау көрсетіп, пікір жазған адамдардың саны 9 мыңнан асқан. Оның ішінде танымал блогерлер, кезінде бір жобада өнер көрсеткен әншілер де бар.

Сондай-ақ оқыңыз