
Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 95 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы екінші орын алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
2024 жылғы әлем чемпионы, 2026 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеруде 182 кг, ал серпе көтеруде 217 кг нәтижені бағындырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 399 кг жинаған қазақстандық спортшы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Бұл салмақта болгариялық Карлос Насар 415 кг (185+230) көрсеткішпен жаңа әлем рекордын орнатып, чемпион атанса, ирандық Али Алипур 396 кг (181+215) нәтижемен қола жүлдені місе тұтты.
Қазақстан құрамасының басқа нәтижелері:
- Алексей Чуркин (85 кг дейін) – 378 кг (168+210) нәтижемен 4-орын;
- Пётр Хребтов (75 кг дейін) – 14-орын;
- Едіге Емберді (85 кг дейін) – 16-орын.
Алдыда әлі Аянат Жұмағали (77 кг), Любовь Ковальчук (86 кг жоғары) және Артем Антропов (110 кг) жарыс жолына шығады.
8 қарашада мәресіне жететін бұл дүбірлі доп 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеудің алғашқы кезеңі болады.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның жасөспірімдер және жастар арасындағы ауыр атлетика құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 59 медаль жеңіп алып, 16 рекорд жаңартқан еді.