Алматыда аялдаманың әйнегі әйелдің үстіне құлады: әкімдік жауап берді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда аялдаманың әйнегі әйелдің үстіне құлады: әкімдік жауап берді / Фото: threads.com/@aiym.av

Алматыда Мақатаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында автобус күтіп отырған тұрғынның үстіне аялдама павильонының әйнегі құлаған, деп хабарлайды Kursiv Media 

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, оқиға күндізгі сағат 13:50–13:55 шамасында болған. Ол аялдамада отырғанда үстіне кенеттен әйнек құлаған.

«Бағыма орай үстімде күртеше болды. Бұған кім жауап береді? Аялдамадағы әйнектерді дұрыстап бекітуге болмай ма? Бұл адам көп жиналатын орын ғой! Егер мұнда кішкентай бала болғанда не болар еді?» – деп ашынды ол.

Алматы қаласының әкімдігі бұл жағдайға байланысты RTS инвестор-компаниясымен байланысқа шыққанын хабарлады. Мердігер ұйым зақымдалған әйнекті келесі күнге дейін ауыстыруға уәде берген.

«Мамандар оқиға орнында зақымданудың ықтимал себептерін тексереді. Жұмыстар аяқталған соң фотоесеп беріледі», – деп хабарлады әкімдіктен.

Жауапты мекеме бұл мәселенің орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Төрт жылға созылған соттан кейін Алматыдағы заңсыз аялдама сүрілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз