Павлодарда пробация қызметінің экс-инспекторына 12 млн теңге айыппұл салынды

Павлодарда пробация қызметінің бұрынғы инспекторы сотталған азаматтан 400 мың теңге пара алғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Kursiv Media
Алаяқтық үшін бостандығы шектелген жергілікті тұрғын пробациялық есепте тұрған. Алайда ол 2026 жылдың тамыз айында екі рет заң бұзған: алдымен жүргізуші куәлігінсіз көлік айдап ұсталса, екі аптадан кейін мас күйінде рульге отырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған.
Пробация инспекторы заң бұзған азаматтың жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс түсірудің орнына, бұл әрекетін жасыру үшін сотталғаннан 400 мың теңге пара талап еткен.
39 жастағы экс-инспектор ақшаны алған бойда ұсталды. Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған параның 30 еселенген мөлшерінде, яғни 12 миллион теңге айыппұл салды.